РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Меркі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Меркі, Жамбыл, Сарымолдаев, Ойтал ауылдары бойынша жерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы), бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың сәулет және құрылыс, энергетиканы, көлік пен байланысты, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту, жер ресурстарын пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихат |
сессиясының төрағасы | хатшысы |
Р. Нұралбеков | І. Ахметжанов |
Меркі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 18 қазандағы № 20-3 шешіміне 1 қосымша |
Меркі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 18 қазандағы № 20-3 шешіміне 2 қосымша |
Меркі, Жамбыл, Сарымолдаев, Ойтал ауылдары бойынша бағалау аймақтарының шекаралары
Бағалау аймағының нөмірі |
Бағалау аймақтары шекараларының сипаттамасы |
І |
І-ші бағалау аймағы үшін сипаттаманың бастапқы нүктесіне Әзімбек Ысмаилов көшесі мен Тоқтар Әубәкіров көшелерінің киылысының нүктесі алынды. |
ІІ |
ІІ-ші бағалау аймағы екі учаскеден түрады – 1 учаске І-ші бағалау аймағының батысында, 2 учаске І-ші бағалау аймағының шығысында. |
ІІІ |
ІІІ-ші бағалау аймағы үшін сипаттаманың бастапқы нүктесіне Әзімбек Ысмаилов көшесі мен Лермонтов көшелерінің киылысы алынды. |
Меркі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 18 қазандағы № 20-3 шешіміне 3 қосымша |
Меркі, Жамбыл, Сарымолдаев, Ойтал ауылдары бойынша жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi
Бағалау аймағының нөмірі | Жер учаскелерінің төлемақылық базалық ставкасына түзету коэффиценті |
І | 1,3 |
ІІ | 1,1 |
ІІІ | 1,0 |