Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Жайлымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңының 8 бабының 1) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Шу ауданы бойынша 2017-2018 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспары бекітітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика каржы, салық, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, табиғатты пайдалану, өнеркәсіп салаларын, құрылысты, көлікті, байланысты, ауыл шаруашылығы менкәсіпкерлікті өркендету, жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Мәслихат хатшысы |
А. Жандабаева | Е. Өмірәлиев |
Шу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 қарашадағы № 19-3 шешімімен бекітілген |
Шу ауданы бойынша 2017-2018 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі
Жоспары
Кіріспе
Шу ауданы – Жамбыл облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлініс. 1939 жылғы құрылған.Ауданның жалпы көлемі жер көлемі 1203030 гектар. Тұрғын саны 98000 адам. Аудан аумағындағы 36 елді мекен 18 ауылдық округке біріктірілген және Шу қаласы. Аудан орталығы – Төле би ауылы, облыс орталығынан ара қашықтығы 270 шақырым.Шу ауданы негізінен мал және егін, бау-бақша дақылдарын өсіруге мамандандырылған. Ауданның өндірістік-экономикалық даму қарқынының өркендеп өсуіне оның қалаға таяу орналасуы әсер етуде.
Солтүстігінде Мойынқұмның құмды алқабы, орта бөлігінде Талас өзенінің аңғары жатыр солтүстікке қарай жазық келеді. Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық. Ауаның орташа температурасы қаңтарда 6-9 градус, шілдеде 23 – 26 градус. Жауын – шашынның орташа жылдық мөлшері 150 – 300 миллиметр.
Аудан жерімен оңтүстіктен сол түстікке қарай Шу өзені өтеді. Жері таулы-шалғынды, шалғынды-сұр, шалғынды-батпақты келеді. Онда жусан, жантақ, сораң шөп, қамыс, құрақ, бұталы өсімдіктер, тағы басқа өседі. Ақ бөкен, арқар, қоян, түлкі, қасқыр, шиебөрі, қырғауыл, тағы басқа мекендейді.
Аудан аумағындағы жер қойнауынан құрылыс материалдары,күйдірілген кірпіш, құм өнімдері, бетон кірпіштер тағы басқа өндіріледі.
Ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі 639240,6 гектар, оның ішінде суармалы 27446377 гектар, тәлімі егістік 113538,27 гектар, көп жылдық екпелер 114 гектар, шабындық 1847,35 гектар жайылым 494196,91 гектар жер учаскелері.
Шу ауданы Мойынқұм, Мерке, Қордай аудандарымен және Қырғыстан Республикасымен шектеседі.
Жоспардың мақсаты: жайылымдарды басқару және оларды пайдалану.
Жоспардың іске асыру мерзімі: 2017 жылдың қараша айынан бастап 2018 жылдың аяғына дейін.
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасынның (картасы)
Жайылымдардың қолайлы схемасы
Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы
Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы
Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы
Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі
Шу ауданындағы жайылымдардың геоботаникалық жағдайы туралы мәлімет
1. Жалпы мәлімет
Шу ауданы Жамбыл облысының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Аудан жерінің басым көпшілігі жазық, батыс жақта Шоқпар таулары және оңтүстігінде Қырғыз Алатауының тау алды аласа қыраттары мен қырқалары орналасқан. Шығыс жақта Шоқпар таулары. Ең биік нүктесі оң түстік жағында орналасқан (1637 метр), Солтүстік батыс жағынан Мойынқұм ауданымен, құмды алқаптар, орта жағында Шу өзені орналасқан, оңтүстік батыс жағынан Меркі ауданы, және шығыс аумағы Қордай аудандарымен шектесіп жатыр.Аудан климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық. Ауаның орташа температурасы қаңтарда -6-9°C, шілдеде 23 - 26° градус. Жауын – шашынның орташа жылдық мөлшері 150 – 300 миллиметр.Аудан территориясы 18 ауылдық округтері және Шу қаласына бөлінген.
Аудандағы ауыл шаруашылығының негізгі саласы егіншілік және мал шаруашылығы. Ауданның негізгі бағыты ет-сүт мал шаруашылығымен қоса астық игеру. Егіншілік жүйесінде бидай, арпа, жүгері, қарбыз, өсіріледі, ал көпжылдық шөптер мал шаруашылығын азық-жеммен қамтамасыз ету үшін шығарылады. Ауыл шаруашылығына бөлінген жерлерде мал шаруашылығының қарқынды дамуына орай жайылымдық жерлерді пайдалану ұлғаюда.
Аудандағы мал ұстау – жарты жыл жайылымда, жарты жыл қыстауда. Жайылым уақыты сәуірдің соңы – мамырдың басында басталып, қазанның соңы - қарашаның басында аяқталады. Қыс уақытында мал қыстауда. Қысқы азық, тұқымы жақсартылатын жерлерден шабылған табиғи шөптен және астық қалдықтарынан дайындалады.
Шу ауданының санат бойынша бөлінген жер ауданы
2. Жер бедері (рельеф)
Аудан территориясының беті - біркелкі, тегіс, жеңіл толқынды, тұндырмай пайдаланатын, көптеген ойылымдары бар көлдерге толы, Шығыс-Сібір ойпатына жатады.Жер бедерінің ерекшелігі –бау-бақшаға қолайлы, жиі тал бұталардың айналасында, қаратал мен – теректі ағаштармен немесе шалғындармен және батпақтармен таратылған дала табақшалар болып саналады.
Шу ауданының табиғи шарты, соның ішінде климат, топырақ және жер бедері дәнді және жем шөп дақылдармен айналасуға өте қолайлы. Табиғи құнарлы жер телімдерді, жайылым азықтар мен пішендерді алу үшін қолдануға болады.
Микрорельеф, яғни микро жер бедері топырақ қабатының кешенділігіне сәйкес келеді.
Ауданның жер бедері, ауыл шаруашылық дақылдарды егу және жинау, топырақты өңдеу жұмыстарына заманауи техникаларды қолдануға ыңғайлы және мал бағуға өте қолайлы, яғни жер бедері, топырақты механикалық өңдеуге және ауыл шаруашылық дақылдарды өсіруге кедергі жасамайды.
3. Өсімдіктер
Ауданның жерді қолдану массиві аралас жерлер аймақшасында орналасқан. Негізінде, алабота, тас, жоңышқа, жусан, жантақ, сораң шөп, қамыс, құрақ, бұталы өсімдіктер яғни әр-түрлі шөпті дала көп тараған. Пішен жайылымдарда орташа жағдайда болып табылады.Мал жаюға қаралған табиғи өсімдіктер аумағы ауданның барлық шекарасында таралған.
Жайылым жерлер көбінесе селеулі-бетегелі-жусанды, бетегелі-жусанды, дәнді-жусанды-бозды-бетегелі, бидайықты- айрауықты-дәнді, қияқ-дәнді және қияқ-дәнді-құрақты күрделі байланыстырылған қоғамдастықтарымен ұсынылған.
Жайылым толықтай ауыл шаруашылығы малдарының жайылуына негізделген, жайылымдарды бірқалыпты қолданбаудың салдарынан, нәтижесінде өсімдік қабатында әр түрлі желінбейтін шөптер кездеседі. Бұл табиғи шөптердің азаюына, жайылым құнарлығының төмендеуіне әкеліп соғады. Олардың қолдану мерзімі азаяды. Осыған орай, мерзімдік жайылым тәртібін дұрыстау, малдың жайылым алаңын бір бірлікке азайту керек, ал кей жерлерде көпжылдық шөптер егу қажет.
Төменде табиғи жайылымдарда алты өрістік жайылым айналымының сызбасы көрсетілген.
Жайылымдарды қолданудың күнтізбелік графигін есепке ала отырып бір рет жайлығаннан кейінгі алты өрістік жайылым айналымының сызбаның үлгісі
Көріп отырғандай, жайылым айналымы сызбасында, 6 жылда бір рет шөп жайылымдарына "демалыс" беріледі, яғни жайылым деградациясының алдын алады.4. Гидрография және суландыру
Аудан гидрографиясы Шу өзені және де ағыссыз жатқан таяз ойыстардағы топталған көлдерімен негізделеді. Бұл ойыстарда ірі көлдер орналасқан. Олар: Алтай, Қорағаты, Тасөткель, Байқұты, Үңгірлі, Буланбай, Кокозек, Алтай, Теректі, Шатырқұл көлі, Қаракөлжәне басқа да көлдер.Көлдердің көбінің айна ауданы шағын, сондықтан тереңдігі де аз. Су көлемі, айна ауданы және көл тереңдігі түскен жауын-шашынның санына байланысты өзгеріп отырады.
Табиғи су көздерінен басқа Шу ауданы территориясында 29 көл, мал суаруға қолданылатын қазылған апандар бар.
Қорытындылай келе, суландыру көздері ауданда ауыл шаруашылық малдарының қажеттілігін толығымен қанағаттандырып отыр.
5. Жайылым геоботаникасы
Жайылым өнімділігі анықтау үшін Республикалық мемлекеттік "Мемжер ҒӨО" кәсіпорыны мамандарының 1980-2012 жылдарда өткен геоботаникалық зерттеулерінің деректері қолданылды.Жайылым жерлердің құрғақ массасының орташа өнімділігі 3,3 центнер гектар, азық өлшеміне қайта есептегенде -1,5 центнер/гектар.Осыны қорытындылай келе, аудан жеріндегі азық бірлігіндегі қосалқы азық салмағын есептеп шығаруға болады:1,5*224 956 га=337434 центнер азық бірлігі.Жайылымдағы қосалқы азық 180-200 күнге жалғасатын жайылым кезеңінде қолданылады. Шабылған шөп пен жасанды шабылған шөптің қосалқы азығы қыстау кезеңінде қолданылады.
6. Жайылым сыйымдылығы
Жайылым сыйымдылығын анықтау, жайылым кезеңінде оның өнімділігі туралы деректер негізінде жүргізілді. Шамамен алғанда, жасыл азықтың келесі нормалары алынды (орта есеппен бір бас малға): ірі қара мал - 4 килограмм, ұсақ қара мал - 2 килограмм, жылқылар -6 килограмм. Жайылым кезеңінің ұзақтылығы 180-200 күн. Осылайша, жайылым өнімін, малдың жасыл азықты бір күндегі қажет ету көлемін, жайылым кезеңінің ұзақтылығын біле отырып, жайылымның сыйымдылығын анықтауға болады.Жайылымның орташа өнімділігі, яғни бір гектардан құрғақ масса 3,3 центнер, жайылым ұзақтығы 180 күн, ірі қара малы бір басына күніне 4 килограмм жасыл азық қажет, демек жайылымның барлық кезеңінде 4*180=720 килограмм немесе 7,2 центнер қажет.
Ветеринариялық – санитариялық объектілер туралы мәліметтер
Иелерін – жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер
Ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер
Шу ауданы бойынша шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер
Екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі. Сонымен қатар, жайылым кезеңінің ұзақтығы;- топырақ – климаттық аймаққа, ауыл шаруашылығы жануарлар түріне, сондай – ақ жайылым өнімділігіне байланысты жайылымның ұзақтық кезеңі;
- сексеуілді – бұта дала және дала – 180 – 200 күн,
- шөлейтте 150 – 180 күн,
Бұл ретте, сүтті ірі қара малды жаю ұзақтығы – ең кіші, ал етті ірі қара мал үшін, қой, жылқы, түйе үшін – максималды және қар жамылғысының тереңдігіне, қардың тығыздығына және басқа да факторларға байланысты.