Қарағанды қалалық мәслихатының XLI сессиясының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 11 қазандағы VI шақырылған ХVIII сессиясының № 211 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 қазанда № 4415 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 96 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 27.09.2023 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 215 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2898 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 162 (1396) "Взгляд на события" газетінде жарияланған, 2015 жылғы 8 қаңтардағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған ) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:

      16-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "16. Осы Қағиданың 9 тармағында көрсетілген санаттар бойынша "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясының ұсынымымен атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тізімі бойынша өтініштер талап етілмей көрсетіледі.";

      27-1-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "27-1. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы 2017 жылғы 17 наурыздағы № 37 "Өрлеу" жобасына қатысуға арналған құжаттар нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15016 болып тіркелген).".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Жанділ Ахуанұлы Мұхтаров) жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Досжанов
      Қалалық мәслихат хатшысы Қ. Бексұлтанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б. Жайназаров

      2017 жылғы 11 қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады