Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 156 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар жүзеге асыратын білім беру қызметтерінің қоса беріліп отырған бағалары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Ю. Любарскаяға жүктелсін.
3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Әубәкіров |
Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы "22" желтоқсандағы № 61/02 қаулысына қосымша |
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар жүзеге асыратын білім беру қызметтерінің бағалары
№ | Ақылы көрсетілетін білім беру қызметтерінің тізімі | Айына қосымша білім беру ұйымына төленетін ата-ана төлемақы мөлшері (теңге) |
1 | Аспаптық сынып | 2500 |
2 | Вокалдық сынып | 2500 |
3 | Хор сыныбы | 2500 |
4 | Оркестр сыныбы | 2500 |
5 | Ерте эстетикалық дамыту бөлім | 2500 |
6 | Хореография бөлімі | 2500 |
7 | Театр бөлімі | 2500 |
8 | Цирк өнері | 2500 |
9 | Көркемөнер бөлімі | 2500 |
10 | Даярлық сыныбы (көркемөнер мектебінің) | 1000 |
11 | Негізгі оқу курсы (көркемөнер мектебінің) | 2000 |
12 | Бейіндік бағдарлау курсы (көркемөнер мектебінің) | 3000 |
13 | Филиалдар (көркемөнер мектебінің) | 800 |
14 | Спорттық-сауықтыру бөлімі | 1000 |
15 | Туристік-өлкетану бөлімі | 1000 |
16 | Бейінді және кәсіпке дейінгі бөлімі | 1000 |
17 | Көркемдік-эстетикалық бөлім | 1500 |
18 | Лингвистикалық бөлім | 2000 |
19 | Ерте бейіндік дамыту бөлімі | 3000 |
20 | Ерте интеллектуалды дамыту бөлім | 4000 |