Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 68 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 1 маусымда № 4266 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының 2%-дан 4%-ға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қаражал қаласының әкімінің орынбасары М.Мұқашеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қаражал қаласының әкімі Қ. Шорманбаев

  Қаражал қаласы әкімдігінің 2017 жылғы
17 мамырдағы № 68 қаулысына
қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%) қызметкерлердің тізімдік санынан

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны

1.

"Жәйрем кен байыту комбинаты" Акционерлік қоғамы

1133

4

45

2.

Қаражал қаласының білім бөлімінің "№30 жалпы білім беретін орта мектебі" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

131

3

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады