Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 ақпандағы №10/84 "Жаңаарқа аудандық мәслихат аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 маусымдағы XIII сессиясының № 13/111 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 шілдеде № 4292 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы XХVI сессиясының № 26/198 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 29.03.2018 XХVI сессиясының № 26/198 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 ақпандағы № 10/84 "Жаңаарқа аудандық мәслихат аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4189 болып тіркелген, 2017 жылғы 8 сәуірдегі № 14 (9803) "Жаңаарқа" газетінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 10 сәуірде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жаңаарқа аудандық мәслихат аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінің 17-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "17. Көтермелеу баллдары осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес көтермеленетін қызмет түрлеріне балл шәкілдері бойынша (бұдан әрі – балл шәкілдері) көрсетілген қызмет түрлері үшін қойылады.";

      18-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "18. Көтермеленетін қызмет түрлері "+1"-ден "+5"-ке дейінгі бес деңгейлік шәкіл бойынша бөлінеді. Бұл ретте, көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлерінің санына Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органдардың Интранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіруі мүмкін.

      Әр көтермеленетін қызмет түрі үшін "Б" корпусының қызметшісіне тікелей басшысымен балл шәкілдері бойынша балл беріледі.";

      осы шешімнің қосымшасына сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс ХІІІ сессиясының төрағасы О. Айтжанов
      Аудандық мәслихат хатшысы К. Имантусупов

  Жаңаарқа аудандық мәслихатының
2017 жылғы 7 маусымдағы
№ 13/111 шешіміне
қосымша
  Жаңаарқа аудандық мәслихат
аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесіне
  5-қосымша

Жаңаарқа аудандық мәслихат аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің көтермеленетін қызмет түрлеріне балл шәкілдері

Баллдары

Көтермеленетін қызмет түрлері

5 балл

мемлекеттік мекеменің беделін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру (семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқалар)

аудандық мәслихат сессиялары мен тұрақты комиссияларының құқықтық актілерін әзірлеу

аудандық мәслихат хатшысының өкімдерін әзірлеу

мемлекеттік мекеменің қызметін реттейтін құқықтық актілерге ұсыныстар енгізу

мемлекеттік мекеменің мемлекеттік сатып алу шарттарына техникалық ерекшеліктердің жобасын әзірлеу

аудандық мәслихат депутаттарына және аппарат қызметшілеріне оқыту семинарларын, дәрістер, түсініктеме жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу

аудандық мәслихат аппаратының кеңестері мен комиссиялары отырыстарын өткізуді ұйымдастыру және жұмысына қатысу

4 балл

аудандық мәслихат хатшысының баяндамалары мен сөйлейтін сөздерін дайындау

мемлекеттік мекеменің және аудандық мәслихат депутаттарының қызметі туралы мақалалар және шығарылымдар дайындау

қосымша зерделеуді және тексеруді қажет ететін өтініштерді қарау

аудандық мәслихат хатшысының шұғыл тапсырмаларын орындау

келісімдерге, шарттарға, оларға қосымша келісімдерге, техникалық ерекшеліктерге құқықтық сараптама жүргізу

лауазымдық міндеттерін тікелей орындауда мемлекеттік және
(немесе) шет тілін қолдану

3 балл

лауазымдарды қоса атқару және уақытша жұмыста болмаған мемлекеттік қызметшілердің міндеттерін орындау

тағылымдамалық қызметті жүзеге асыру

қосымша зерделеуді және тексеруді талап етпейтін өтініштерді қарау

2 балл

мемлекеттік мекеменің интернет-сайтында жариялауға жататын ақпараттық материалдарды мерзімінде орналастыруды қамтамасыз ету

бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау үшін ақпараттарды дайындау

жоғары тұрған ұйымдардан құжаттар қабылдау және аппараттың шұғыл құжаттарын жіберу үшін жұмыстан тыс уақытта кезекшілік ету

1 балл

жұмыс топтарының жұмысына қатысу

ұжымның қоғамдық өміріне (жұмысына) қатысу (спорттық және мәдени іс шараларға)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады