Киевка кентіндегі көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданы Киевка кентінің әкімінің 2017 жылғы 18 қазандағы № 4 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 қазанда № 4426 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына және Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 4 шілдедегі қорытындысына сәйкес, Киевка кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Киевка кентіндегі Мира көшесі Бейбітшілік көшесі, Победа көшесі Жеңіс көшесі, Космонавтов көшесі Ғарышкерлер көшесі, 40 лет Победы көшесі Ардагерлер көшесі деп қайта аталынсын.

      2. Осы шешімнің орындалуының бақылауын өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кент әкімі Б. Құдайбергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады