Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданы Шахтерское селосының әкімінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 2 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 қыркүйекте № 4357 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Шахтер ауылы әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты, Шахтер ауылының аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Шахтер ауылы әкімінің 2017 жылғы 12 маусымдағы "Шахтер ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4283 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 маусымдағы № 24 (5521) "Нұра" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2017 жылы 23 маусымда электрондық түрде жарияланған), күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі А. Кусаинова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады