Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімінің 17.05.2017 № 02 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабы және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес Осакаров ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Қарағанды облысы Осакаров ауданының Осакаровка, Молодежный кенттерінің, Сарыөзек ауылдық округінің Сарыөзек, Шокай ауылдарының, Батпақты ауылдық округінің Батпақты, Сарыөзен ауылдарының, Қарағайлы ауылдық округінің Қарағайлы ауылының, Николаев ауылдық округінің Николаевка, Комсомольское, Топан ауылдарының, Озерный ауылдық округінің Озерное, Ералы ауылдарының, Тельман ауылдық округінің Тельманское ауылының, Садовый ауылдық округінің Садовое ауылының аймағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Осакаров ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Рымбайұлы Ламбеков тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Шайжанов |