Шет ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысының Шет ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 мамырдағы № 25/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 мамырда № 4260 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 болып тіркелген) Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шет ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға:

      елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары А.А. Әбілдинге жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Жандәулетов

  Шет ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 10 мамырдағы
№ 25/02 қаулысына қосымша

Шет ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі


р/с

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде), адам

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік саны %)

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Шет аудандық мәдени-сауық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

171

3

5

2

"Шет ауданының орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

530

4

21

3

"Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

56

2

1

4

"Ш.Батталова атындағы жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

103

3

3

5

"Хасен Сәрінжіпұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебі базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

55

2

1

6

"Көктіңкөл жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

58

2

1

7

"Батық жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

54

2

1

8

"С.Мұқамеджанов атындағы жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

63

2

1

9

"Шет жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

60

2

1


Барлығы:

х

х

35


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады