Шет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі ХХІ-сессиясының "Шет аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 21/181 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 қазандағы № 16/126 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 қазанда № 4421 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабы 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 44 бабы 4 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Шет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі ХХІ-сессиясының "Шет аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 21/181 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2645 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырдағы "Шет Шұғыласы" № 21 (10.486) газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 01 қазанында жарияланған), күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
аудандық мәслихаттың
хатшысы
Б. Төлеуқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады