"Қазақстан Республикасыдағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылдың 4 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер айқындалсын.
3. "Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д. Ысқақовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы "17" қаңтар № 686 қаулысына қосымша |
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін кызметтер
№ р/р |
Атауы |
Тауарлар: | |
1. | жиһаздарды сатып алу (оларды алуға бөлінген сома тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген бес мыңнан он мыңға дейінгі еселенген айлық есептік көрсеткіште болған жағдайда) |
Жұмыстар: | |
2. | қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік нысандарының құрылысы |
Көрсетілетін қызметтер: | |
3. | инвестициялық форум |