"2017 жылға арналған мемлекеттік инвестициялық жобалардың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қаңтардағы № 690 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 984 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 желтоқсанда № 6092 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2017 жылға арналған мемлекеттік инвестициялық жобалардың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қаңтардағы № 690 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5707 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2017 жылдың 28 қаңтарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 23 ақпанында жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулының 1 - қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      аталған қаулымен бекітілген "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2017 жылға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің Тізбесіндегі:

      реттік нөмірлері бірінші, алтыншы, жетінші жолдары жаңа редакцияда жазылсын:

1

Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінде 250 қабылдауға арналған емхананың құрылысы

12 876

6

Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы

8 107

7

Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы

8 107

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің2017 жылғы "20" желтоқсандағы № 984 қаулысына қосымша
  Қызылорда облысы әкімдігінің2017 жылғы 23 қаңтардағы № 690қаулысына 1-қосымша

Техникалық-экономикалық негiздемелерін әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ, оларға қажетті сараптамалар жүргізу "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2017 жылға арналған бюджеттiк инвестициялық жобалардың Тiзбесi

Жобаның атауы

Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ, қажетті сараптамалар жүргізу сомасы,
мың теңге

1

2

3


"Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі

1

Байқоңыр кешеніндегі сумен қамту және кәріз жүйелерін және құрылыстарын кеңейту және қайта жаңғырту

15 000


"Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі

2

Қызылорда облысының Шиелі ауданында Сырдария өзенінің Күміскеткен учаскесінде су қоймасын салу

20 629,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады