2017 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қазандағы № 9356 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 қарашада № 6011 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қызылорда қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қосымшаға сәйкес 2017 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерi бекiтiлсiн.

      2. "2017 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерiн бекiту туралы" Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 17 сәуiрдегi № 7607 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5825 тіркелген, "Ақмешiт ақшамы" газетiнде 2017 жылғы 17 мамырда № 32, "Кызылорда таймс" газетінде 2017 жылғы 17-23 мамырда № 19, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 18 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қызылорда қаласы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев

  Қызылорда қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қазандағы №9356 қаулысына қосымша

Қызылорда қаласының 2017 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейiнгi тәрбие және
оқыту ұйымдарының әкiмшiлiк-
аумақтық орналасуы
(аудан, қала)

Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушiлер саны

Мектепке дейiнгi ұйымдар ата-аналарының бiр айдағы төлемақысының мөлшерi (теңге)

Балабақша

Мектеп жанындағы толық
күндiк
шағын-орталықтар

Мектеп жанындағы жарты
күндiк
шағын-орталықтар

Дербес
толық
күндiк
шағын-
орталықтар

Дербес
жарты
күндiк
шағын-орталықтар

Балабақша

Мектеп жанындағы толық
күндiк
шағын-
орталықтар

Мектеп жанындағы жарты
күндiк
шағын-орталықтар

Дербес
толық
күндiк 
шағын-орталықтар

Дербес
жарты
күндiк шағын-орталықтар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

Қызылорда қаласы

20 372

1000

0

220

0

10 000

10 000

0

22 690

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады