"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Арал ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып "Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі айқындалсын.
2. Қосымшаға сәйкес мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi мемлекеттік сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстар айқындалсын.
3. "Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары Р. Өтешовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ | М. ОРАЗБАЕВ |
Арал ауданы әкiмдігiнiң 2017 жылғы "17" ақпандағы № 29-қ қаулысына қосымша |
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi мемлекеттік сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстар
№ | Атауы |
1. | Жұмыстар: |
1.1 | Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру |