Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 10.04.2018 № 188 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 1-тармағына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінің 379, 381 және 383-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен Қазалы ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері 50 (елу) пайызға жоғарылатылсын.
2. Қазалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 қазандағы № 251 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4785 нөмірімен тіркелген, аудандық "Тұран-Қазалы" газетінің 2014 жылғы 8 қарашадағы 99-100-101 нөмірлерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылысын.
3. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 03.11.2017 № 135 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Аудандық мәслихаттың кезектен | |
тыс ХІІ сессиясының төрағасы: | Т. Әліпбаев |
Аудандық мәслихат хатшысы: | К. Назымбеков |