"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 26 сәуірдегі №1 қорытындысына сәйкес Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің келесі көшелеріне:
1) №1жаңа көшеге "Ағайынды Талқанбаевтар" есімі;
2) атауы жоқ көшеге "Қанағат Ерниязов" есімі;
3) атауы жоқ көшеге "Мағзаман әулие" есімі;
4) №2 кварталындағы атауы жоқ көшеге "Матығұлұлы Нұрбай би" есімі;
5) "Қазалы" шағын ауданындағы жаңа көшеге "Тұраш Сегізов" есімі;
6) №1 кварталындағы №1 жаңа көшеге "Теңел Жұмабаев" есімі;
7) "Қазалы" шағын ауданындағы жаңа көшеге "Рахмет Өтегенов" есімі;
8) "Жилдом райбольница" көшесіне "Махамбет Әуезов" есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би кенті әкімінің уақытша міндетін атқарушы |
А. Абиев |