Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 10.07.2018 № 178 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 378-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері бес есеге жоғарылатылсын.
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері бес есеге жоғарылатылсын.
3. "Жер салығының базалық мөлшерлемесін жоғарылату туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 275 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5084 нөмірімен тіркелген, аудандық "Қармақшы таңы" газетінің 2015 жылғы 5 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.