Жер салығының базалық мөлшерлемелері туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 74 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 сәуірде № 5775 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 шілдедегі № 178 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 10.07.2018 № 178 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 378-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері бес есеге жоғарылатылсын.

      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері бес есеге жоғарылатылсын.

      3. "Жер салығының базалық мөлшерлемесін жоғарылату туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 275 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5084 нөмірімен тіркелген, аудандық "Қармақшы таңы" газетінің 2015 жылғы 5 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы аудандық
      мәслихатының кезектен
      тыс 9-сессия төрағасы Ә. Бекбергенова
      Қармақшы аудандық
      мәслихатының хатшысы М. Наятұлы
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қызылорда облысы бойынша
      Мемлекеттік кірістер департаментінің
      Қармақшы ауданы бойынша
      Мемлекеттік кірістер басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Қ.Сүлейменов ___________
      "3" наурыз 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады