Жер салығының базалық мөлшерлемесін жоғарылату туралы
Күшін жойғанҚызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 275 шешiмi. Қызылорда облысының Әдiлет департаментiнде 2015 жылғы 06 тамызда № 5084 болып тiркелдi. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 74 шешімімен
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінің 378-бабында белгіленген жер салығының мөлшерлемесі бес есеге жоғарылатылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз