“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, “Жалағаш ауданының Мақпалкөл ауылын қайта атау туралы” Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қазандағы № 624 қаулысына, Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 26 қазандағы № 67 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 28 қарашада № 5651 болып тіркелген) және “Жалағаш ауданының Ақарық ауылын қайта атау туралы” Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 шілдедегі № 839 қаулысына, Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 14 шілдедегі № 135 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2017 жылғы 31 шілдеде № 5911 болып тіркелген) сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жалағаш ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 қыркүйектегі №191 қаулысына қосымша |
Жалағаш ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер
1. Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 09.04.2021 № 74 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2. “Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 31 қаулысында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 12 наурызда №4910 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 наурызда “Жалағаш жаршысы” газетінде және 2015 жылғы 30 наурызда “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген қаулымен белгіленген барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарында:
реттік нөмері 18-жол жаңа редакцияда жазылсын:
“
18 | Аламесек ауылдық округінің Есет батыр ауылы | Қ.Әбішев көшесі №24 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық білім бөлімінің №124 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды |
”.
3. “Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 177 қаулысында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 17 қыркүйекте №5137 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 қыркүйекте “Жалағаш жаршысы” газетінде және 2015 жылғы 16 қазанда “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген қаулымен бекітілген аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының тізбесінде:
реттік нөмері 3 және 4-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:
“
3 | KND-3 | М-32 Самара-Шымкент-Мәдениет-Т.Жүргенов- Жаңаталап-Аққыр | 52,59 | 52,59 | 52,59 | ||||||
4 | KND-4 | М-32 Самара-Шымкент-Еңбек-Есет батыр-Жаңадария | 37,396 | 37,396 | 37,396 |
”.
4. Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 10.08.2021 № 151 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
5. Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 20.02.2019 № 27 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).