Жалағаш ауданының Ақарық ауылын қайта атау туралы

Жаңа

Бірлескен Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 шілдедегі № 839 қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 14 шілдедегі № 135 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 31 шілдеде № 5911 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 1 қорытындысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жалағаш ауданының Ақарық ауылы "Есет батыр" ауылы болып қайта аталсын.

      2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев
      Қызылорда облыстық мәслихатының
кезекті 14-сессиясының төрағасы,
облыстық мәслихат хатшысы
Н. Байқадамов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады