Мал жаятын орындарды айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққұм ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 18 қаңтардағы № 1 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 1 ақпанда № 5712 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққұм ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққұм ауылдық округі әкімінің 09.06.2017 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      “Ветеринария туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес Аққұм ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аққұм ауылдық округіндегі Бозарқаш учаскесінде 1090 гектар, Көкжиде учаскесінде 460 гектар, Сарыкөл учаскесінде 462 гектар және Тоқсан қап учаскесінде 485 гектар мал жаятын орындар болып айқындалсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аққұм ауылдық
      округі әкімі Т. Тулегенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады