Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 24.10.2017 № 340 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының квоталары:
1) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;
2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;
3) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан Жаңақорған ауданының ұйымдарында жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданының әкімі | Ғ. Әміреев |