"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Сырдария аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті | Аудандық мәслихаттың |
12 сессиясының төрағасы: | хатшысы: |
Д. Ералиев ____________ | Е. Әжікенов_____________ |
2017 жылғы 2 маусымдағы | |
Сырдария аудандық мәслихаттың | |
№ 113 шешіміне қосымша |
Сырдария аудандық мәслихатының кейбір күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
1. "Сырдария ауданы Тереңөзек кентінің жерлерін аймақтарға бөлу схемасын және салықтың базалық ставкасының түзету коэффицентін бекіту туралы" Сырдария аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 қазандағы № 107 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 10-8-77 болып тіркелді, "Тіршілік тынысы" газетінің 2008 жылғы 03 желтоқсанда № 96 жарияланған).
2. "Сырдария ауданы, Тереңөзек кентiнiң жерлерiн аймақтарға бөлу схемасын және салықтық базалық ставкасының түзету коэффициенттерiн бекiту туралы" аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 қазандағы № 107 шешiмiне өзгерiс енгiзу туралы" Сырдария аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 09 ақпандағы № 126 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 10-8-85 болып тіркелді, "Тіршілік тынысы" газетінің 2009 жылғы 11 наурызда № 21 жарияланған).
3. "Аудандық мәслихаттың кейбiр шешiмдерiне толықтыру енгiзу туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 371 шешiмi (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 10-8-167 болып тіркелді, "Тіршілік тынысы" газетінің 2012 жылғы 18 қаңтарда № 5 жарияланған).
4. "Сырдария ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды әкету тарифтерiн бекiту туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2014 жылғы 14 наурыздағы № 218 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 4633 болып тіркелді, "Тіршілік тынысы" газетінің 2014 жылғы 16 сәуірде № 28 жарияланған).
5. "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 қарашадағы № 68 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 5665 болып тіркелді, "Тіршілік тынысы" газетінің 2016 жылғы 24 желтоқсанда № 99 жарияланған).