Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 02.06.2017 № 113 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
1. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 қазандағы VІІІ сессиясының "Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінің жерлерін аймақтарға бөлу схемасын және салықтың базалық ставкасының түзету коэффиценттерін бекіту туралы" N 107 шешіміне (Әділет басқармасында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 28 қарашада мемлекеттік тіркеу N 10-8-77, "Тіршілік тынысы" газетінің 2008 жылғы 03 желтоқсанда N 96 шығарылымында жарияланған) және Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 қазандағы VІІІ сессиясының "Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінің жерлерін аймақтарға бөлу схемасын және салықтың базалық ставкасының түзету коэффиценттерін бекіту туралы" N 107 шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы" аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 09 ақпандағы кезектен тыс ХІ сессиясының N 126 шешіміне (Әділет басқармасында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 05 наурызда мемлекеттік тіркеу N 10-8-85, "Тіршілік тынысы" газетінің 2009 жылғы 11 наурыздағы N 21 шығарылымында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
Аталған шешімдердің бірінші абзацындағы "жергілікті мемлекеттік басқару" деген сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы шешім қолданысқа ресми жарияланған күннен бастап енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | |
кезектен тыс ХХХХІІІ | |
сессиясының төрағасы | Р. Есенов |
Аудандық мәслихат | |
хатшысы | А. Атақаев |