Сырдария ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды әкету тарифтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2014 жылғы 14 наурыздағы № 218 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 сәуірде № 4633 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 маусымдағы № 113 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 02.06.2017 № 113 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы кодексінің 19-1 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сырдария ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды әкету тарифтерi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      ХХVІІ сессиясының төрағасы Р. Есенов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Маншарипов

  Сырдария аудандық мәслихатының
  2014 жылғы 14 наурыздағы
  N 218 шешiмiне қосымша

Сырдария ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды әкету тарифтерi

Көрсеткiштерi

Сомасы (теңге)

1 м3 коммуналдық қалдықтарды әкету үшiн заңды тұлғаларға

850

1 м3 коммуналдық қалдықтарды әкету үшiн жеке тұлғаларға

117


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады