Сырдария ауданы, Төреңөзек кентінің жерлерін аймақтарға бөлу схемасын және салықтың базалық ставкасының түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 қазандағы № 107 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Сырдария аудандық Әділет басқармасында 2008 жылы 28 қарашада № 10-8-77 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 маусымдағы № 113 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 02.06.2017 № 113 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы "Жер Кодексінің" 8, 11-баптарына және Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 387-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:

      Ескерту. Шешімге өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2009.02.09 N 126; 2011.12.15 N 371 Шешімдерімен.

      1. Сырдария ауданы,Тереңөзек кентінің жерлерін аймақтарға бөлу схемасы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Салықтың базалық ставкасының түзету коэффиценттері 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім қолданысқа ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      кезекті VIII
      сессиясының төрағасы И. Абдықалықов
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы А. Атақаев

  Аудандық мәслихатының
2008 жылғы 22 қазандағы
N 107 шешіміне 1 қосымша

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінің жерлерін аймақтарға бөлу
Схемасы

      (схеманы қағаз жүзінде қараңыз)

Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінің жерлерін аймақтықтарға бөлу шекараларының сипаттамасы

Аймақ
N

Аймақ шекаралары және жер-кадастрлық кварталдарының нөмірі

Аймақ көлемі

I

Аймақтың шекарасы батысынан Майжарма каналымен шектесіп, солтүстігі темір жолмен,шығысынан Қаракөл каналы бойымен,оңтүстігінен Айтек каналын бойлай Амангелді көшесімен "Қызылорда-Жалағаш" автомобиль жолымен түйіседі.(002,003 кварталдары).

263,71 гектар

II

Бұл бөлікте аймақ шекарасы батысынан Айтбай каналы бойымен, солтүстігі темір жол бойымен, шығысы Майжарма каналы бойымен, оңтүстігі Айтек каналы бойымен өтеді.(001 кварталы).

197,98 гектар

III

Аймақ шекарасы темір жолдың солтүстік беті, Тереңөзек кенті шегінің солтүстік-шығыс бойын қамти отырып, Қаракөл каналының шығыс бөлігін бойлай, оңтүстігі "Қызылорда-Жалағаш" автомобиль жолының бойымен жүріп,батысында Амангелді көшесінің бойымен келе "Айтек" каналымен түйіседі.(002,003 кварталдары).

360,92 гектар

IV

Бұл аймақ Тереңөзек кенті шегінде орналасқан өндірістік базалардың шоғырлануынан пайда болды. Оның ішінде:1-учаскесі I аймақтың солтүстік-шығысында орналасқан,көлемі-10,74 гектар, 2-учаскесі II -аймақтың солтүстік-батысында шоғырланып,көлемі -23,53 гектарды қүрайды, 3 жэне 4 учаскелері IV-аймақтың оңтүстік-шығысында көршілес орналасқан өндірістік обьектілер жанында орналасқан жерлер,олардың көлемі 1-учаскесі-2,08 гектар,2-учаскесі-4,04 гектар.(001,002,003 кварталдары).

40,39 гектар

  Аудандық мәслихатының
2008 жылғы 22 қазандағы
N 107 шешіміне 2 қосымша

Салықтың базалық ставкасының түзету коэффиценттері

Аймақтың нөмірі

Салықтың базалық ставкасына түзету коэффиценттері

I

1,5

II

1,25

III

1,0

IV

1,5

1. Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және салықтың базалық ставкасының түзету коэффиценттерін өңдеу.

      Тереңөзек кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және салықтың базалық ставкасының түзету коэффиценттерін айқындау жобасы бұрын жүргізілмеген. Бұл алғашқы жүргізілуі.

      Осы жобаға сәйкес салықтың базалық ставкасын түзету коэффиценттері белгіленген және сәйкесінше Тереңөзек кентінің жерлерін 4 аймаққа бөліп ұсынылып отыр.

      Сырдария ауданы бойынша Салық комитетінен берілген ұсыныстарды қарап, талқылаған соң салықтың базалық ставкасын түзету коэффиценттері белгіленген және сәйкесінше Тереңөзек кентінің жерлерін 4 аймаққа бөліп, келесі коэффиценттер ұсынылады:

      1 аймақ - 1,5

      2 аймақ - 1,25

      3 аймақ -1,0

      4 аймақ (өндірістік аймақ) - 1,5

      Ұсынылған түзету коэффиценттері Сырдария аудандық мәслихатының комиссиясында жан-жақты талқыланып, мақұлданды және келісілді.

3 кесте. Салықтың базалық ставкасын түзету коэффиценттері белгіленген және сәйкесінше 4 аймаққа бөлу сипаты.

Аймақтың нөмірі

Салықтың базалық ставкасының түзету коэффициенттері

I

1,5

II

1,25

III

1,0

IV

1,5


      Кестеде көрсетілгендей, ең жоғарғы коэффицент 1,5 және ең төменгісі -1,0.

      Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 338 бабына сәйкес жергілікті өкілетті органдар Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілген жерді аймақтарға бөлу жобасының негізінде Салық Кодексінің 332 және 334 баптарында белгіленген салықтың базалық ставкасын тек елу пайыз ғана арттыруға немесе кеміте алады. Соған сәйкес салықтың базалық ставкасының коэффицент аралығы 0,5 - тен 1,5 - ке дейін.

      Тереңөзек кенті бойынша Салық комитетінің ұсынысымен салық ставкасы коэффициентінің ең төменгі мөлшері - 0,5, ал ең жоғарғысы Қазақстан Республикасы Салық Кодексіне сәйкес 1,5 болып қабылданды.

      Ескерту:

      1. Аймақтарда базалық салық ставкасына тузету коэффициенттерін белгілеу кезінде, салық салу жердің пайдалану мақсатына байланысты емес. Яғни, салық салу, автокөліктерге жанар-жағар май қую стансасы (АЗС), базарлар және автотұрақтар орналасқан жерлерді қоспағанда, нысанның орналасқан жері бойынша аймаққа байланысты жургізіледі.

      Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 337 бабының 1-тармағына сәйкес, коммерциялық мақсаттарға (автотұрақтар мен автокөліктерге жанар-жағар май құю стансалары) пайдаланылатын жер учаскелері үшін салық салу 10 еселенеді.

      2. Сонымен қатар, 4 аймаққа арнайы өндірістік (өнеркәсіптік) аумақ белгілеу арқылы 1,5 коэффициенті ұсынылады.

      Төменде аймақтық сызба мен олардың шекаралары туралы толық сипаттамалары беріледі.

Аймақ шекарасының сипаттамасы

      I аймақ (002, 003 кварталдары)

      Аймақтың шекарасы батысынан Майжарма каналымен шектесіп, солтүстігі темір жолмен, шығысынан Қаракөл каналы бойымен, оңтүстігінен Айтек каналын бойлай Амангелді көшесімен "Қызылорда-Жалағаш" автомобиль жолымен түйіседі. Жалпы көлемі - 263,71 гектар.

      II аймақ (001 кварталы)

      Бұл бөлікте аймақ шекарасы батысынан Айтбай каналы бойымен, солтүстігі темір жол бойымен, шығысы Майжарма каналы бойымен, оңтүстігі Айтек каналы бойымен өтеді, жалпы көлемі - 197,98 гектарды құрайды.

      III аймақ( 002,003 кварталдары)

      Аймақ шекарасы темір жолдың солтүстік беті, Тереңөзек кенті шегінің солтүстік-шығыс бойын қамти отырып, Қаракөл каналының шығыс бөлігін бойлай, оңтүстігі "Қызылорда-Жалағаш" автомобиль жолының бойымен жүріп, батысында Амангелді көшесініің бойымен келе "Айтек" каналымен түйіседі.

      Бұл аймақтың жалпы көлемі - 360,92 гектарды құрады.

      IV аймақ. (001,002,003 кварталдары)

      Бұл аймақ Тереңөзек кенті шегінде орналасқан өндірістік базалардың шоғырлануынан пайда болды. Оның ішінде: 1-учаскесі І-аймақтың солтүстік-шығысында орналасқан, көлемі - 10,74 гектар, 2-учаскесі П-аймақтың солтүстік-батысында шоғырланып, көлемі - 23,53 гектарды құрайды, 3 және 4 учаскелері IV- аймақтық оңтүстік-шығысында көршілес орналасқан өндірістік объектілер жанында орналасқан жерлер, олардың көлемі: 1-учаскесі - 2,08 гектар, 2-учаскесі - 4,04 гектар.

      Бұл аймақтың жалпы көлемі - 40,39 гектар.

Салықтың базалық ставкасын түзету коэффиценттері

Салық салу мақсатындағы аймақ нөмірі

Салықтың базалық ставкасына түзету коэффициенттері

I

1,5

II

1,25

III

1,0

IV

1,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады