Аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 қазандағы "Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінің жерлерін аймақтарға бөлу схемасын және салықтық базалық ставкасының түзету коэффициенттерін бекіту туралы" № 107 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2009 жылғы 09 ақпандағы № 126 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Сырдария аудандық Әділет басқармасында 2009 жылы 05 наурызда № 10-8-85 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 маусымдағы № 113 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 02.06.2017 № 113 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы "Жер Кодексінің" 8-11 баптарын, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабын, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып және қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында, Қызылорда облысының Әділет Департаментінің 20.01.2009 жылғы N 2/398 санды Ұсыныс хатының негізінде аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2011.12.15 N 371 шешімімен.

      1. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 қазандағы VІІІ сессиясының "Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінің жерлерін аймақтарға бөлу схемасын және салықтың базалық ставкасының түзету коэффиценттерін бекіту туралы" N 107 шешіміне (Әділет басқармасында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 28.11.2008 жылы мемлекеттік тіркеу N 10-8-77, "Тіршілік тынысы" газетінің 03.12.2008 жылғы N 96 шығарылымында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Аталған шешімнің бірінші азат жолындағы "338-бабына" деген сөздер "387-бабына" деген сөздермен өзгертілсін.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс ХІ сессиясының төрағасы Б. Берікболов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А. Атақаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады