Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 30.07.2020 № 57/10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына және “Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары бекітілсін.
2. Шиелі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 1 наурыздағы № 8/3 “Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы” (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5761 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 29 наурызда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шиелі аудандық мәслихатының 2017 жылғы “07” қарашадағы № 15/8 шешiмiмен бекiтiлген |
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары
1.Осы Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) “Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау тәртiбiн белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
1) арнайы комиссия – өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер азаматтың (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша қала әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
3) ең төмен күнкөрiс деңгейi – “Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қызылорда облысының Статистика департаменті” Республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтiн, мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;
4) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – Шиелі ауданының әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде Шиелі ауданының аумағында жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган (бұдан әрі - ЖАО);
5) мереке күндерi – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;
7) өмiрлiк қиын жағдай – азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкiлеттi орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын “Шиелі аудандық жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) уәкілетті ұйым- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Шиелі аудандық бөлімшесі;
10) учаскелiк комиссия – әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген азаматтардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн кент, ауылдық округ әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
11) шектi шама – әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 29.08.2018 № 28/3; 11.02.2019 № 36/4 шешімдерімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтiк көмек ретiнде ЖАО мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек түсініледі.
4. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетiледi.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және әлеуметтік көмектің мөлшерлері
5. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының, әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі және әлеуметтік көмектің мөлшерлері:
1) 9 мамыр – Жеңіс күніне орай:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет және 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай 500 000 теңге, қосымша 500 000 теңге мөлшерінде біржолғы төлем;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, атап айтқанда: Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға – 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет және 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай қосымша біржолғы төлем 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
екiншi рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың әйелдерiне (күйеулерiне) 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай біржолғы төлем 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
"Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға, атап айтқанда:
1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай біржолғы төлем 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
2) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай:
саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға – 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;
3) 15 ақпан – Ауғанстан аумағынан совет әскерлерін шығару күніне орай:
жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген адамдар, оның ішінде басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларына, атап айтқанда: бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлігінiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде);
жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлерге;
ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлеріне;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне;
Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге – 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген адамдар, оның ішінде: бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер, әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар – 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;
4) 26 сәуір – Чернобыль АЭС-індегі апатқа ұшырағандарды еске алу күніне орай:
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға - 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;
5) 29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай:
азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға - 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 11.02.2019 № 36/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2019 № 41/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.10.2019 № 44/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2020 № 52/23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.05.2020 № 54/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.6. Әлеуметтік қолдау ретінде әлеуметтік көмекті алушылардың санаттары:
Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет көрсетіледі.
7. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде алушылар санатының тізбесі мен әлеуметтік көмектің шекті шамалары:
1) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне келген зардабын жоюға – бір рет, табыстарын есепке алып, әрбір отбасы мүшесіне 40 айлық есептік көрсеткішке дейін, бірақ бір отбасына 150 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;
2) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға - ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;
3) гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гемотологиялық аурулармен ауыратын диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне - ай сайын 7,6 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;
4) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Қызылорда облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына тұрмыстық қажеттіліктерге әлеуметтік көмек, жылына бір рет - шекті шама 10 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетіледі;
5) азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер негіз болуы мүмкін.
8. Балалар үйінің түлектеріне (интернат үйінің тәрбиеленушілері), сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен аспайтын отбасынан шыққан:
бала кезінен мүгедектер, мүгедек балаларға;
ата- анасының екеуі де зейнеткер болып табылатын балаларға;
ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын балаларға;
асыраушысынан айрылған балаларға;
көп балалы отбасылардан шыққан балаларға;
оралман отбасылардан шыққан балаларға;
жетім балаларға;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға.
Жан басына шаққандағы орташа табысы Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс денгейінің аспайтын аз қамтылған отбасылардан шыққан, өңірге қажет мамандықтар бойынша күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алатын балаларға:
колледж және жалпы білім беретін мектептен кейін "Бакалавр" академиялық дәрежесін алу үшін – жылына бір рет, 392 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;
жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған “Магистр” академиялық дәрежесін алу үшін -420 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;
Қазақстан Республикасының медициналық білім және ғылым ұйымдарында резидентурада медицина кадрларын даярлау үшін -жылына бір рет, 530 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде әлеуметтік көмек тағайындалады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 29.08.2018 № 28/3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).9. Әлеуметтік көмек алуға үмiткерлер уәкілетті органға қажетті құжаттарды тиісті жылдың 25 тамызына (қоса алғанда) дейін ұсынады.
10. Әлеуметтік көмекті тағайындағаннан кейін уәкілетті орган мен әлеуметтік көмек алушы арасында екі жақты келісім шарт жасалады.
Ескерту. 10 - тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 29.08.2018 № 28/3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).11. Әлеуметтік көмек алушы ақшалай қаражаттар түскеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оқуға төлемақы жүргізеді және уәкілетті органға төлеу туралы түбіртекті ұсынады.
12. Келесi оқу жылдарға әлеуметтік көмек жыл сайын тиісті оқу жылының басында төленеді.
13. Әлеуметтік көмек алушы себепсіз, жүйелі түрде оқуға қатыспағаны немесе үлгірімі төмен болуына байланысты жоғарғы оқу орнынан шығарылған жағдайда, оқуға төленген соммалары жергілікті бюджетке ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтарылады.
14. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.
3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi
15. Атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекiтетiн тiзiм бойынша көрсетiледi.
16. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе кент, ауылдық округтың әкiмiне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) алынып тасталды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 02.04.2020 № 52/23 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).3) Осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәлiметтердi;
4) азаматтың (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;
5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты ұсынады.
Бұл ретте, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, азамат (отбасы) уәкілетті органға немесе кент, ауылдық округтың әкіміне, өмірлік қиын жағдай туындаған сәттен бастап үш ай мерзімінен кешіктірмей өтініш білдіреді.
17. Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
18. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе кент, ауылдық округтiң әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын азаматтың (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.
19. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша осы Қағидалардың 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша азаматтың (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, азаматтың (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе кент, ауылдық округ әкiмiне жiбередi. Кент, ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.
20. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
21. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
22. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе кент, ауылдық округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
23. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
24. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Осы Қағидалардың 20 және 21-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе кент, ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
25. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
4. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту, көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер
26. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;
2) өтiнiш берушi азаматтың (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;
3) азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін Шиелі аудандық мәслихаты белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
27. Әлеуметтiк көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
28. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.
5. Әлеуметтік көмекті төлеу және қаржыландыру
29.Әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктердегі және банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы алушылардың жеке шоттарына ақшалай сомаларды аудару жолымен жүргізіледі.
30. Әлеуметтік көмек тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгерісін ескере отырып төленеді.
31.Әлеуметтік көмек беруге шығыстарды қаржыландыру аудан бюджетінде көзделген ағымдағы қаржылық жылға арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
6. Қорытынды ереже
32.Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган “Е-собес” автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.
Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларына 1-қосымша |
Өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты отбасының (азаматтың) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТIСI
20___жылғы "___" _______________________________________
(елді мекен)
1. Өтініш иесінің Т.А.Ә. ___________________________________________________
2. Тұратын мекенжайы ____________________________________________________
3. Өтiнiш берушi әлеуметтiк көмекке өтiнiш берген туындаған өмiрлiк қиын жағдай __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4. Отбасының құрамы (отбасында нақты тұратындар ескеріледі) _________ адам, оның ішінде:
Р/с № | Т.А.Ә. | Туған күні | Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы | Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқуорны) |
Жұмыспен қамтылмау | Қоғамдықжұмыстарға қатысуы, кәсiптiк даярлығы (қайтадаярлау, бiлiктiлiгiн арттыру) немесе жұмыспенқамтудың белсендi шараларына қатысуы туралы мәлiметтер | Өмiрлiк қиын жағдай |
Еңбекке жарамды барлығы __________________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретiнде тiркелгендерi ____ адам.
Балалардың саны: _____________________________________________ жоғары және орта оқу орындарында ақылы негiзде оқитындар ______ адам, оқу құны жылына теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерiнiң, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғыс мүгедектерiне теңестiрiлгендердiң, зейнеткерлердiң, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтiк маңызы бар аурулары (қатерлi iсiктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердiң, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек) __________________________________.
Өмiр сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендiрiлген тұрғын үй, қызметтiк тұрғын үй, тұрғын үй кооперативi, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек):
________________________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Отбасының табысы:
Р/с № | Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә. | Табыс түрі | Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) | Жеке қосалқышаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесi (жер үлесi) туралы мәлiметтер | |
тоқсанға | орта есеппен айына | ||||
6. Мыналардың:
автокөлiгiнiң болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретiн құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлiмделген табыс) __________________________________________________________________________________________ қазiргi уақытта өздерi тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдiң болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлiмделген табыс) _________________________________________________________________________
7. Бұрын алған көмегi туралы мәлiметтер (нысаны, сомасы, көзi):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
8. Отбасыныңөзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзi):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киiммен, аяқ киiммен қамтамасыз етiлуi ___________________________________________________
10. Тұратын жерiнiң санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы
____________________________________________________________________
Комиссия төрағасы:
_________________________ _____________________
Комиссия мүшелері:
________________________ ______________________
________________________ ______________________
________________________ ______________________
________________________ ______________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Жасалған актімен таныстым: ______________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
Тексеру жүргізілуден бас тартамын ___________________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні
____________________________________________________________________
(өтiнiш берушi тексеру жүргiзуден бас тартқан жағдайда толтырылады).
Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларына 2-қосымша |
Учаскелiк комиссияның № ____ қорытындысы
20____ жылғы “__ˮ _________
Учаскелiк комиссия Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларына сәйкес өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш берген азаматтың (отбасының)
____________________________________________________________________
(өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты)
өтiнiшiн және оған қоса берiлген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтiнiш берушiнiң (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерiнiң негiзiнде
____________________________________________________________________
(қажеттiлiгi, қажеттiлiктiң жоқтығы)
азаматқа (отбасыға) өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
Комиссия мүшелерi: __________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Қорытынды қоса берiлген құжаттармен ___ данада 20__ ж. “___” ___________ қабылданды
Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы _____________________
Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларына 3-қосымша |
Отбасының тiркеу нөмiрi ____________
Өтiнiш берушiнiң отбасы құрамы туралы мәлiметтер
_______________________________ _________________________
(Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.) (үйiнiң мекен жайы, телефон)
Р/с | Отбасы мүшелерiнiң Т.А.Ә. | Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы | Туған жылы |
Өтiнiш берушiнiң қолы _____________ Күнi ______________
Отбасының құрамы туралы мәлiметтердi куәландыруға уәкiлеттi органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _____________________ (қолы)