"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 қарашадағы №15/8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 шілдедегі № 41/4 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 шілдеде № 6844 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 57/10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 30.07.2020 № 57/10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 23 тармағына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 қарашадағы № 15/8 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6045 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 7 желтоқсанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:

      5-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, Ұлы отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына - 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет және материалдық көмек ретінде біржолғы 120 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы Н.Әмір
      Аудандық мәслихат хатшысының
міндетін уақытша атқарушы
Қ.Шәукебаев
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы"
мемлекеттік мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады