"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 қарашадағы №15/8 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 ақпандағы № 36/4 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 ақпанда № 6686 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 57/10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 30.07.2020 № 57/10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 - бабының 23тармағына және "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шиелі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 қарашадағы № 15/8 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6045 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 7 желтоқсанда жарияланған) келесідей өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау" Қағидаларында:

      2-тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "9) уәкілетті ұйым- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Шиелі аудандық бөлімшесі";

      5-тармақтың 3) тармақшасының алтыншы, жетінші абзацтары "30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет" деген сөздерден кейін "және 2019 жылдың 15 ақпанында Ауғанстан аумағынан совет әскерлерін шығару күніне 30 жыл толуына орай материалдық көмек ретінде бір дүркін 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы М.Салқынбаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Сыздық
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы"
мемлекеттік мекемесімен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады