Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 410 "Маңғыстау облысында коммуналдық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылсын деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 286 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 желтоқсанда № 3490 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 410 "Маңғыстау облысында коммуналдық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2965 болып тіркелген, 2016 жылдың 17 ақпанында "Әділет" акпараттық-құқықтық жүйсінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.Х. Аманбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Қ. Аманғалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Е. Тоғжанов

      "Маңғыстау облысының энергетика

      және тұрғын үй - коммуналдық

      шаруашылық басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      С.Х. Аманбеков

      "4" желтоқсан 2017 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады