Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 21 қазандағы №5/58 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Ақтау қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 қазандағы № 10/117 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 1 қарашада № 3447 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 2/18 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 16.04.2021 №2/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" және 2017 жылғы 26 шілдедегі № 446 "Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулыларына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/58 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Ақтау қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3190 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 6 желтоқсанында жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Ақтау қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:

      келесідей мазмұндағы 14-1 тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары өңірлердің кадрларға қажеттілігі ескеріле отырып, талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері мен оқу нысандары бойынша ЖОО-да оқу үшін мамандықтар кезектілігіне сай білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша сертификаттар баллдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі.";

      22 тармақта:

      бірінші сөйлем келесідей редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші Уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынады:";

      8) тармақша келесідей редакцияда жазылсын:

      "8) арнайы шартты (интернатурада немесе резидентурада оқитындар үшін);";

      келесідей мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) жергілікті бюджет есебінен білім беру грантын тағайындау туралы куәлік.".

      2. "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы - Д.Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ы.Көшербай) жүктелсін.

      4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескертпе: аббревиатураның ажыратылып жазылуы:

      "ЖОО-да" - "жоғары оқу орындарында";

      "ҰБТ" - "ұлттық біріңғай тестілеу";

      "КТ" - "кешенді тестілеу".

      Сессия төрағасы С.Зәкенов
      Қалалық мәслихат хатшысы М.Молдағұлов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ақтау қалалық жұмыспен қамту және

      әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Г.Хайрлиева

      "10" қазан 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ақтау қалалық экономика және бюджеттік

      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік

      мекемесі басшысының міндетін атқарушы

      М.Жұбаназарова

      "12" қазан 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облыстық білім беру

      басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      З.Тастемірова

      "13" қазан 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады