"Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру қағидалары мен оның сипаттамасын бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 138 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 сәуірде № 3344 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 359 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 24.06.2020 № 359 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру қағидалары мен оның сипаттамасы бекітілсін.

      2. "Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Б. Овезов) осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдансын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің аппарат басшысы Б. Овезовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Е. Әбілов

  Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
  2017 жылғы "27" наурыз
  138 қаулысымен
  бекітілген

"Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы

      1. Осы "Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру қағидалары мен оның сипаттамасы (бұдан әрі-Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және "Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру тәртібі мен оның сипаттамасын анықтайды.

      2. Қызметтік куәлік (бұдан әрі-Куәлік) мемлекеттік саяси, әкімшілік қызметшілерге "Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - аппарат), жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарында лауазымын және лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.

      3. Куәлік белгіленген тәртіппен:

      1) қала әкімінің орынбасарларына, аппарат басшысына, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына, қала әкімі тағайындайтын аппараттағы "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне - қала әкімінің;

      2) аппарат басшысы тағайындайтын аппараттағы "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне - аппарат басшысының;

      3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдағы "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган басшысының қолы қойылып беріледі.

      4. Куәлік лауазымға тағайындалған, ауыстырылған (қайта тағайындалған), бүлінген, жоғалған, алдындағы берілген куәліктің қолдану мерзімі өткен кезде беріледі.

      5. Атқарып отырған лауазымынан босатылған, қызметтен босатылған, ауыстырылған (қайта тағайындалған) кезде, қызметкерлер бұйрықтың/өкімнің шыққан күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде куәлікті кадр қызметіне тапсырады.

      6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген куәлік қайтарылып алынады.

      7. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірленетін және тігілетін, қызметтік куәліктерді беру және қайтару журналында жүзеге асырылады.

      Куәліктерді есептен шығаруды және жоюды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтік куәліктерді есептен шығаруға және жоюға арналған актіні жасай отырып, кадр қызметі жүргізеді.

      8. Куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда қызметкер үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда кадр қызметіне хабарлайды.

      9. Қызметтік куәлікті дұрыс сақтамау нәтижесінде болған жоғалту, бүлдіру, сондай-ақ қызметтік куәлікті басқа тұлғаларға беру, қызметтік куәлікті жеке басы үшін қызметтен тыс мақсаттарда пайдаланудың әрбір фактілері бойынша кадр қызметі қызметтік тексеру жүргізу қажеттігі тұрғысын қарайды.

      10. Қызметкер кінәсінен жоғалған немесе бүлінген куәлік қызметкердің өз қаражаты есебінен қалпына келтіріледі.

      11. Көк түсті жасанды былғарыдан жасалған куәліктің сыртқы бетінің ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төменде мемлекеттік тілде "Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты" деген, ал жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда органның атауы көрсетілген типографиялық қаріптегі жазбасы болады. Ашылған түрінде куәліктің мөлшері 65х190 миллиметр, ішбеті (форматы 62х88 миллиметр) бар. Ішкі жағы көгілдір тангир торы аясында күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасы қолдана отырып орындалған. Жоғары бөлігінде екі жағынан да "Жаңаөзен қаласының әкімдігі", "Акимат города Жанаозен" деген жазулар орналастырылған, ал жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда органның ресми атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылады. Одан төмен мәтіннен қызыл түсті үзік жолақпен бөлектелген "Қазақстан Республикасы" деген жазулар орналастырылған.     

      Сол жағында: фотосурет (3х4 сантиметр өлшемде), орталығында куәліктің нөмірі мен "Куәлік" деген жазу орналастырылады, нөмірдің астында жол-жолымен мемлекеттік тілде тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атауы көрсетіледі.

      Оң жағында: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, Елтаңбаның төменгі жағында сары түсті "Қазақстан" деген жазу және орыс тіліндегі тиісті мәтін. Төменгі жағында куәліктің жарамдылық мерзімі (екі жыл мерзімге беріледі) көрсетіледі.

      12. Куәліктер басшылықтың қолымен расталады және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.

  "Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру қағидалары мен оның сипаттамасына
  1-қосымша
  Нысан

Қызметтік куәліктерді беру және қайтару журналы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Атқаратын
лауазымы

Куәлік №

Беру күні

Алғандығы туралы қолы

Тапсыру күні

Тапсырғандығы туралы қолы















      Ескертпе: журнал тігілген, нөмірленген болуы тиіс.

  "Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру қағидалары мен оның сипаттамасына
  2-қосымша
  Нысан

      Ұйымның атауы

АКТІ

      _____________                   ________             № _____________

      жасалу орны                   күні


      Біз, төменде қол қойғандар (кемінде 3 қызметкер, тегін, атын,әкесінің атын (бар болса), атқаратын лауазымын көрсету керек), "Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру қағидалары мен оның сипаттамасының 5-тармағының негізінде қызметкерлерді есептен шығаруға және жоюға жиналған практикалық маңызын жоғалтқан куәліктерін зерделеп: жұмыстан босатылуға, басқа қызметке ауысуға байланысты___________ тізімге сәйкес:

      Оларды есептен шығару және жою бойынша осы актіні жасады:


      Лауазымның атауы Қолы


      Лауазымның атауы Қолы


      Лауазымныңатауы Қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады