Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қыркүйектегі № 201 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 2 қазанда № 3434 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бейнеу ауданы бойынша 2017 және 2018 жылдарға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Бейнеу ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы №9 "Бейнеу ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3284 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 наурыздағы "Рауан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Бейнеу аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (О.Наурызбаев) осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ү.Әмірхановаға жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы Қ.Әбілшеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Бейнеу аудандық білім бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      О.Наурызбаев

      "06" 09 2017 жыл


  Бейнеу ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 6 қыркүйектегі
  №201 қаулысына қосымша

Бейнеу ауданы бойынша 2017 және 2018 жылдарға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы бір айға арналған ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)

Балабақша (мемлекеттік/жеке меншік)

Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық

Толық емес күн болатын дербес шағын орталық

Балабақша (мемлекеттік/жеке меншік)

Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық

Толық емес күн болатын дербес шағын орталық

 
1.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Бейнеу" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

175/0

0

0

9464/0

0

0

 
2.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Балдырған" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

175/0

0

0

9464/0

0

0

 
3.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Балауса" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

150/0

0

0

9464/0

0

0

 
4.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Бөбек" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

80/0

0

0

9464/0

0

0

 
5.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Балдәурен" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

80/0

0

0

9464/0

0

0

 
6.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Болашақ" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

80/0

0

0

9464/0

0

0

 
7.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Манашы"бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

200/0

0

0

9464/0

0

0

 
8.

"Бейнеу аудандық әкімдігінің "Үстірт бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

180/0

0

0

9464/0

0

0

 
9.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Атамекен" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

175/0

0

0

9464/0

0

0

 
10.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Күйкен" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

175/0

0

0

9464/0

0

0

 
11.

"Бейнеу аудандық әкімдігінің "Боранқұл" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

165/0

0

0

9464/0

0

0

 
12.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Қарақұм" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

88/0

0

0

9464/0

0

0

 
13.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Ақжігіт" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

140/0

0

0

9464/0

0

0

 
14.

Бейнеу аудандық әкімдігінің "Сарға бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

75/0

0

0

9464/0

0

0


 
Барлығы

1938/0

0

0

х

0

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады