2017 жылға арналған Қостанай облысының аудандары мен қалалары бойынша субсидиялардың көлемін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 177 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 18 мамырда № 7048 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 460 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 21.09.2017 № 460 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 29 "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14780 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2017 жылға арналған Қостанай облысының аудандары мен қалалары бойынша басым дақылдарды өндіру үшін және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялардың көлемі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

  Әкімдіктің
2017 жылғы 10 сәуірдегі
№ 177 қаулысына қосымша

2017 жылға арналған Қостанай облысының аудандары мен қалалары бойынша басым дақылдарды өндіру үшін және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялардың көлемі

Аудандар мен қалалардың атауы

Субсидиялар көлемі, теңге

1

Алтынсарин

280332860

2

Амангелді

3662250

3

Әулиекөл

246461780

4

Жангелдин

1152430

5

Денисов

314696410

6

Жітіқара

81875030

7

Қамысты

181386670

8

Қарабалық

426827210

9

Қарасу

232356550

10

Қостанай

330233030

11

Меңдіқара

328018180

12

Науырзым

16646200

13

Сарыкөл

205510340

14

Таран

209001410

15

Ұзынкөл

239639930

16

Федоров

617920380

17

Арқалық қаласы

102738270

18

Қостанай қаласы

6541070

Барлығы:

3825000000,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады