"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мынадай:
1) Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 507 "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6085 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 желтоқсанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған).
2) Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 81 "Әкімдіктің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 507 "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6199 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |