Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 17.05.2017 № 259 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 507 "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6085 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған қаулымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112-үй.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |