"Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 507 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 желтоқсанда № 6085 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 259 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 17.05.2017 № 259 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

  Әкімдіктің 2015 жылғы
23 қарашадағы № 507
қаулысымен бекітілген

"Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі объектілерді салу және (немесе) реконструкциялау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, олар бойынша "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі тапсырыс беруші және бюджеттік бағдарламалар әкімшісі болып табылады.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдары жоқ.

      3. "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      7. "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112-үй.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 25.02.2016 № 81 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).

      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қостанай облысының аумағында құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

      15. Міндеттері:

      1) құрылыс салу бойынша инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) республикалық және жергілікті бюджеттерден түскен қаражаттар есебінен іске асыру;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      16. Функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) республикалық және жергілікті бюджеттерден түскен қаражаттар есебінен іске асыру процесінде құрылысқа тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;

      2) салынған объектілерді пайдалануға қабылдауға қатысу, олар бойынша "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі тапсырыс беруші болып табылады;

      3) өз құзыреті шеңберінде гендерлік саясатты іске асыру;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) заңнамамен белгіленген тәртіппен соттарда "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      2) мердігер (бас мердігер) орындап жатқан жұмыстардың барысы мен сапасына және олардың орындалу мерзімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      3) техникалық қадағалау қызметін бақылау;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу;

      5) техникалық және авторлық қадағалаулармен қолдау арқылы объектінің құрылысын қамтамасыз ету;

      6) мердігерге (бас мердігерге) техникалық және авторлық қадағалаулардың нұсқауларын орындамағаны не уақтылы орындамағаны және сапасыз орындағаны үшін шаралар қолдану;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      19. "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қостанай облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырады және басқарады;

      2) "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды орындауға, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағандығы үшін дербес жауап береді;

      3) заңда белгіленген тәртіппен "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      5) "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес органдарда және ұйымдарда білдіреді;

      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, оларға материалдық көмек көрсетуді жүзеге асырады;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;

      8) "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

      9) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.

      "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады