Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 259 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 маусымда № 7101 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мынадай:

      1) Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 507 "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6085 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 желтоқсанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған).

      2) Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 81 "Әкімдіктің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 507 "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6199 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады