Әкімдіктің 2008 жылғы 5 маусымдағы № 326 "Ұзынкөл ауданы Киевский ауылдық округі және Варваровка ауылының аумақтарындағы туристік кешендер құрылысына арналған телімде Шошқалы көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 3 қарашадағы № 555 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 қарашада № 7342 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 03.08.2022 № 344 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39-бабына сәйкес, қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 5 маусымдағы № 326 "Ұзынкөл ауданы Киевский ауылдық округі және Варваровка ауылының аумақтарындағы туристік кешендер құрылысына арналған телімде Шошқалы көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3644 болып тіркелген, 2008 жылғы 24 шілдеде "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      қаулының мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ұзынкөл ауданы Киевский ауылдық округі және Варваровка ауылының аумақтарындағы туристік кешендер құрылысына арналған учаскеде Шошқалы көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы", орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді;

      мемлекеттік тілдегі 1 және 2-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Ұзынкөл ауданы Киевский ауылдық округі және Варваровка ауылының аумақтарындағы туристік кешендер құрылысына арналған учаскеде Шошқалы көлінің су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленсін.

      Жобада су қорғау аймақтарының ені және ұзындығы бөлінген:

      № 1 учаскеде: ені 500 метр, ұзындығы 100 метр, Шошқалы көлі су кемерінің орташа көп жылдық деңгейінен – 93.69 метр. Су қорғау аймағының жалпы алаңы 5,0 гектарды құрайды.

      № 2 учаскеде: ені 500 метр, ұзындығы 96 метр, Шошқалы көлі су кемерінің орташа көп жылдық деңгейінен – 93.69 метр. Су қорғау аймағының жалпы алаңы 4,8 гектарды құрайды.

      Жобада су қорғау белдеулерінің ені және ұзындығы бөлінген:

      № 1 учаскеде: ені 60 метр, ұзындығы 100 метр, Шошқалы көлі су кемерінің орташа көп жылдық деңгейінен – 93.69 метр. Су қорғау белдеуінің жалпы алаңы 0,6 гектарды құрайды.

      № 2 учаскеде: ені 60-70 метр, ұзындығы 96 метр, Шошқалы көлі су кемерінің орташа көп жылдық деңгейінен – 93.69 метр. Су қорғау белдеуінің жалпы алаңы 0,58 гектарды құрайды.

      Су қорғау аймағы мен белдеудің шекарасы топографиялық жоспарда 1:2000 масштабында салынған.

      2. Ұзынкөл ауданы Киевский ауылдық округі және Варваровка ауылының аумақтарындағы туристік кешендер құрылысына арналған учаскеде Шошқалы көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары қосымшасына сәйкес белгіленсін.", орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді;

      көрсетілген қаулының қосымшасында:

      мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ұзынкөл ауданы Киевский ауылдық округі және Варваровка ауылының аумақтарындағы туристік кешендер құрылысына арналған учаскеде Шошқалы көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары", орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай
облысының әкімі
А. Мұхамбетов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Су ресурстары комитетінің Су

      ресурстарын пайдалануды реттеу

      және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай

      бассейндік инспекциясы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ___________________ Г. Оспанбекова

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      Қоғамдық денсаулық сақтау

      комитетінің Қостанай облысы

      Қоғамдық денсаулық сақтау

      департаменті" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ______________ О. Бекмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады