2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабы 5)-тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес 2018 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Утеулин |
Қостанай облыстық | |
мәслихатының хатшысы | С. Ещанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қостанай облысы әкімдігінің қаржы
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
_____________________ А. Жусупова
2017 жылғы "8" желтоқсан
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қостанай облысы әкімдігінің табиғи
ресурстар және табиғат пайдалануды
реттеу басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________________ М. Шаимов
2017 жылғы "8" желтоқсан
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қостанай облысы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________________ Е. Спанов
2017 жылғы "8" желтоқсан
Мәслихаттың 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 215 шешіміне қосымша |
2018 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
№ | Арнайы су пайдаланудың түрi | Өлшем бiрлiгi | Төлемақы мөлшерлемелерi (теңге) |
1. | Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер | 1 000 текше метр | 120,10 |
2. | Өнеркәсiп, жылу энергетикасын қоса есептегенде | 1 000 текше метр | 342,58 |
3. | Ауыл шаруашылығы | 1 000 текше метр | 94,50 |
4. | Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | 1 000 текше метр | 94,50 |