Лисаков қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 100 "2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қарашадағы № 640 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 желтоқсанда № 7407 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Лисаков қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 100 "2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6921 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А. Исмағұлов

  Әкімдіктің
2017 жылғы 30 қарашадағы
№ 640 қаулысына
қосымша
  Әкімдіктің
2017 жылғы 28 ақпандағы
№ 100 қаулысына
қосымша

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын 2017 жылға арналған Лисаков қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы (аудан, қала)

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

1

Лисаков қаласы

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Дельфинчик" бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

282

25500,82

3 жасқа дейін – 7480
3 жастан бастап - 9240

2

Лисаков қаласы

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Ивушка" бөбекжай- бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

290

23689,69

3 жасқа дейін – 7480
3 жастан бастап - 9240

3

Лисаков қаласы

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Мұрагер" бөбекжай- бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

284

28726,87

3 жасқа дейін -7480
3 жастан бастап -9240

4

Лисаков қаласы

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Балапан" бөбекжай- бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

159

19444,43

3 жасқа дейін – 7480
3 жастан бастап - 9240

5

Лисаков қаласы

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Улыбка" бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

294

18878,82

3 жасқа дейін – 7480
3 жастан бастап - 9240

6

Лисаков қаласы

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Нұрлы Жол" бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

251

25984,45

3 жасқа дейін – 7480
3 жастан бастап - 9240

7

Лисаков қаласы

"Ясли-сад "Балақай" на 180 мест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

150

24066,38

3 жасқа дейін – 7480
3 жастан бастап - 9240

8

Лисаков қаласы

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Красногор негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы толық күн болатын шағын-орталық

25

10001,44

3 жастан бастап - 7700


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады