Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округі әкімінің 31.10.2017 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 7 тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2016 жылғы 14 қарашадағы № 45 ұсынысы негізінде Диев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Үшқарасу ауылы аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Әулиекөл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 14 қарашадан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Диев ауылдық округінің әкімі | Б. Жумагалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Әулиекөл ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________________ Н.М. Жасанбаев
2017 жылғы "20" ақпан
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетiнiң Әулиекөл
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ А.Т. Тайшибаев
2017 жылғы "20" ақпан
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Қостанай облысы
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаментінің Әулиекөл аудандық
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________________ Е.Г. Дуйсенов
2017 жылғы "20" ақпан