Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 17.05.2018 № 170 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Жангелдин аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2016 жылғы 12 тамыздағы № 46 "Жангелдин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6617 тіркелген, 2016 жылғы 20 қыркүйекте "Біздің Торғай" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Сессия төрайымы | Қ. Әлібек |
Жангелдин аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Нургазин |
КЕЛІСІЛДІ
"Жангелдин ауданының тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
___________________ Н. Байдилдин
Мәслихаттың 2017 жылғы 27 ақпандағы № 75 шешіміне қосымша |
|
Мәслихаттың 2016 жылғы 12 тамыздағы № 46 шешіміне қосымша |
Жангелдин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ р/с | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Жылына 1 есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың жинақталу нормасы, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,67 |
2 | Интернат | 1 орын | 5,7 |
3 | Бала бақшалар, бөбекжай | 1 орын | 1,5 |
4 | Қонақ үйлер | 1 орын | 4,87 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 4,1 |
6 | Емхана | 1 адам | 3,6 |
7 | Аурухана | 1 төсек-орын | 3,07 |
8 | Мектептер | 1 оқушы | 0,2 |
9 | Дәмханалар | 1орын | 4,87 |
10 | Концерт залы | 1 орын | 0,15 |
11 | Мұражайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 1,6 |
12 | Стадион, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,11 |
13 | Азық-түлік дүкендері | Сауда алаңы 1 м2 | 3,3 |
14 | Базарлар | Сауда алаңы 1 м2 | 2,3 |
15 | Автовокзал | Жалпы алаңы 1 м2 | 2,4 |
16 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 3,6 |
17 | Автожанармай құю станциялары | 1 машина - орын | 0,25 |
18 | Шаштараздар | 1 жұмыс орны | 22,5 |
19 | Монша | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,24 |