Жангелдин аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы № 170 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 1 маусымда № 7809 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жангелдин аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) 2016 жылғы 12 тамыздағы № 46 "Жангелдин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6617 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қыркүйекте "Біздің Торғай" газетінде жарияланған);

      2) 2017 жылғы 27 ақпандағы № 75 "Мәслихаттың 2016 жылғы 12 тамыздағы № 46 "Жангелдин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6948 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы К. Ордабаев
      Жангелдин аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Нургазин

      КЕЛІСІЛДІ

      "Жангелдин ауданының тұрғын

      үй-коммуналдық шаруашылық,

      жолаушылар көлігі және автомобиль

      жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      _______________________ Б. Жунусов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады