Жангелдин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 46 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 қыркүйекте № 6617 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы № 170 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 17.05.2018 № 170 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексі 19-1-бабының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Жангелдин аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жангелдин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Сессия төрайымы Г. Абдигапарова
      Жангелдин аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Нургазин

      "Жангелдин ауданының тұрғын

      үй-коммуналдық шаруашылық,

      жолаушылар көлігі және автомобиль

      жолдары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ____________________ Н. Байдилдин

  Мәслихаттың
2016 жылғы 12 тамыздағы
№ 46 шешіміне қосымша

Жангелдин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 27.02.2017 № 75 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі).

№ р/с

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Жылына 1 есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың жинақталу нормасы, м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,67

2

Интернат

1 орын

5,7

3

Бала бақшалар, бөбекжай

1 орын

1,5

4

Қонақ үйлер

1 орын

4,87

5

Мекемелер, ұйымдар, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

4,1

6

Емхана

1 адам

3,6

7

Аурухана

1 төсек-орын

3,07

8

Мектептер

1 оқушы

0,2

9

Дәмханалар

1орын

4,87

10

Концерт залы

1 орын

0,15

11

Мұражайлар

Жалпы алаңы 1 м2

1,6

12

Стадион, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,11

13

Азық-түлік дүкендері

Сауда алаңы 1 м2

3,3

14

Базарлар

Сауда алаңы 1 м2

2,3

15

Автовокзал

Жалпы алаңы 1 м2

2,4

16

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

3,6

17

Автожанармай құю станциялары

1 машина - орын

0,25

18

Шаштараздар

1 жұмыс орны

22,5

19

Монша

Жалпы алаңы 1 м2

0,24

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады