Мәслихаттың 2016 жылғы 12 тамыздағы № 46 "Жангелдин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2017 жылғы 27 ақпандағы № 75 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 наурызда № 6948 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы № 170 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 17.05.2018 № 170 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Жангелдин аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2016 жылғы 12 тамыздағы № 46 "Жангелдин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6617 тіркелген, 2016 жылғы 20 қыркүйекте "Біздің Торғай" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Сессия төрайымы Қ. Әлібек
      Жангелдин аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Нургазин

      КЕЛІСІЛДІ

      "Жангелдин ауданының тұрғын

      үй-коммуналдық шаруашылық,

      жолаушылар көлігі және автомобиль

      жолдары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ___________________ Н. Байдилдин

  Мәслихаттың
2017 жылғы 27 ақпандағы
№ 75 шешіміне қосымша
  Мәслихаттың
2016 жылғы 12 тамыздағы
№ 46 шешіміне қосымша

Жангелдин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

№ р/с

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Жылына 1 есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың жинақталу нормасы, м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,67

2

Интернат

1 орын

5,7

3

Бала бақшалар, бөбекжай

1 орын

1,5

4

Қонақ үйлер

1 орын

4,87

5

Мекемелер, ұйымдар, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

4,1

6

Емхана

1 адам

3,6

7

Аурухана

1 төсек-орын

3,07

8

Мектептер

1 оқушы

0,2

9

Дәмханалар

1орын

4,87

10

Концерт залы

1 орын

0,15

11

Мұражайлар

Жалпы алаңы 1 м2

1,6

12

Стадион, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,11

13

Азық-түлік дүкендері

Сауда алаңы 1 м2

3,3

14

Базарлар

Сауда алаңы 1 м2

2,3

15

Автовокзал

Жалпы алаңы 1 м2

2,4

16

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

3,6

17

Автожанармай құю станциялары

1 машина - орын

0,25

18

Шаштараздар

1 жұмыс орны

22,5

19

Монша

Жалпы алаңы 1 м2

0,24


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады