Мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы № 154 "Қостанай облысы Жангелдин ауданының Аққөл ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2017 жылғы 18 мамырдағы № 100 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 маусымда № 7086 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2022 жылғы 31 мамырдағы № 110 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 31.05.2022 № 110 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы № 154 "Қостанай облысы Жангелдин ауданының Ақкөл ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4587 тіркелген, 2014 жылғы 24 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Қостанай облысы Жангелдин ауданының Ақкөл ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларында:

      2–тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Ақкөл ауылының аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.";

      8–тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ақкөл ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жангелдин аудандық мәслихатымен бекітілген сандық құрамына сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Ордабаев
      Жангелдин аудандық
      мәслихатының хатшысы С. Нургазин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жангелдин ауданының

      Ақкөл ауылының әкімі

      ___________________ Б. Қалиев

      2017 жылғы 18 мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады